Мәдімар ауылында жамағатпен рухани кездесу өтіп, бас имам Қанат Әділханұлы тұрғындарға адалдықтың адам өміріндегі орны туралы насихат айтты.
Кездесу барысында имам адалдықтың мұсылманның мінез-құлқынан, сөзі мен ісінен көрінетінін атап өтті. Әсіресе ата-анаға, отбасына, елге және қоғамға деген жауапкершілікті адал атқарудың маңыздылығына тоқталды.
«Адалдық – адамның абыройын арттырып, қоғамдағы өзара сенімді нығайтатын қасиет. Әр адам өзіне жүктелген аманатқа жауапкершілікпен қарап, қандай жағдайда да шындықты ту етуі қажет», - деді бас имам.
Сонымен қатар, жамағатты адал еңбек етуге, бір-бірінің ақысына құрметпен қарауға және күнделікті өмірде ислам құндылықтарын берік ұстануға шақырды.



22 Тамыз 2026
8 Раби-авваль 1448

