БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМДАРЫНА ЖИНАЛЫС ӨТТІ

БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМДАРЫНА ЖИНАЛЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы ауыл мешіттеріндегі діни қызметтің сапасын арттыру және имам-молдалардың халықпен жұмыс жүргізу бағыттарын жетілдіру мақсатында ауыл имам-молдаларымен жиын өткізді. Жиында ауыл мешіттерінің қазіргі ахуалы, діни ағартушылық жұмыстарды жүйелеу, жамағат арасында рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мешіт қызметінің қоғамдағы маңызын арттыру, тұрғындармен тұрақты байланыс орнату және ел бірлігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды жандандыру қажеттігі айтылды.

Басқосу барысында имам-молдалардың негізгі міндеттері мен жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, бес уақыт намаз бен жұма уағыздарын сапалы өткізу, діни сауат ашу сабақтарын ұйымдастыру, жастармен жүйелі жұмыс жүргізу, отбасы құндылықтарын дәріптеу және қайырымдылық шараларын тұрақты өткізу жөнінде ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар дін қызметкерлеріне халық арасында діни мәселелерді түсіндіру кезінде байыптылық пен жауапкершілікті басшылыққа алып, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау қажеттігі ескертілді.

Жиын соңында ауыл мешіттеріндегі жұмыстарды одан әрі жандандыруға бағытталған бірқатар міндеттер айқындалып, имам-молдаларға нақты тапсырмалар берілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: