Шу ауданы «Төле би» мешітінің жамағатында қыздар әйел секторының ұстазы Гүлжан Сағындыққызының ұйымдастыруымен салауат жарысы өтті. Жарысқа көптеген шәкірттер қатысып, жүлделі орындар мен марапатталды.
Мешіт жамағаты арасында Пайғамбарымыз Мұхаммедке салауат айтуды насихаттау, рухани бірлікті нығайту және ізгі амалдарға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «Салауат жарысы» өз мәресіне жетті.
Бірнеше күнге созылған рухани жарысқа жамағат белсенді қатысып, салауат айту арқылы сауапты іске өз үлестерін қосты.
Жарыстың қорытынды кеші Құран Кәрім оқылуымен басталып, тағылымды уағызбен жалғасты. Кеш барысында жамағатқа арналған ұлттық өнер көрсетіліп, түрлі қызықты әрі тәрбиелік мәні бар ойындар ұйымдастырылды.
Шара соңында жарыс нәтижелері жарияланып, белсенді қатысушыларға алғыс білдіріліп, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


22 Тамыз 2026
8 Раби-авваль 1448

