Аудандық Бәйдібек мешітінің бас имамы Дәурен Куттыбаев Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы аудандық кітапхана қызметкерлерімен кездесіп, «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында имам діни білімнің адам өміріндегі маңызына тоқталып, дінді дұрыс түсіну қоғамдағы рухани тұрақтылық пен өзара сыйластықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Дәурен Құттыбаев діни мәселелер бойынша ақпарат іздеген кезде сенімді әрі ресми дереккөздерге жүгінудің маңыздылығын түсіндіріп, әлеуметтік желілерде тарайтын әртүрлі діни мәліметтерге сыни көзқараспен қарауға шақырды.
Сонымен қатар, діни сауаттылықты арттырудың мәні тек діни білім алумен шектелмей, адамның көркем мінезін қалыптастырып, жауапкершілікке, сабырлылыққа және ізгілікке тәрбиелейтінін айтты.
Имам қазіргі ақпараттық кеңістікте діни мазмұндағы мәліметтердің көптігіне байланысты жастар мен қоғам мүшелерінің дұрыс діни бағыт-бағдар алуына ерекше мән беру қажеттігін жеткізді.
Жиын барысында қатысушылар өздерін қызықтырған діни мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, маман тарапынан шариғат талаптары мен дәстүрлі діни түсініктер негізінде тиісті жауаптар алды.
Кездесуде діни сауаттылықтың артуы қоғам мүшелерінің жат ағымдар мен теріс діни түсініктердің ықпалына берілмеуіне және дәстүрлі құндылықтарды дұрыс түсінуіне ықпал ететіні айтылды.
Шара соңында кітапхана қызметкерлері діни-ағартушылық бағыттағы осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, рухани білімді арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстарының жүйелі түрде жалғасуына тілектестік білдірді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



22 Тамыз 2026
8 Раби-авваль 1448

