ЖАМБЫЛ: ЖАМАҒАТҚА УАҚЫП ЖӘНЕ ИХСАН БАҒЫТЫНДА НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖАМБЫЛ: ЖАМАҒАТҚА УАҚЫП ЖӘНЕ ИХСАН БАҒЫТЫНДА НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Бәйдібек мешітінің бас имамы Дәурен Куттыбаев мешітке келген жамағатқа «Уақып – сауапты іс» және "Ихсан - тәрбие негізі" тақырыбында тағылымды үгіт-насихат жүргізді.

Уағыз барысында имам уақыптың ислам дініндегі маңызына тоқталып, оның қоғам игілігіне бағытталған қайырымдылықтың сауапты түрі екенін түсіндірді.

Дәурен Куттыбаев уақыпқа берілген дүние-мүліктің халыққа пайдасы тиіп тұрған жағдайда сауабы жалғасып отыратын садақа-жария амалдарының бірі екеніне назар аударды.

Сонымен қатар, жамағатқа мешіт, медресе, мұқтаж жандар және қоғамдық игілік жолында жасалған уақыптың ел бірлігі мен әлеуметтік жауапкершілікті нығайтудағы мәні кеңінен түсіндірілді.

Имам мұсылман қауымын қолындағы мүмкіндігіне қарай қайырымдылық жасауға, игі іске үлес қосуға және Алланың разылығын көздеген ізгі амалдарды көбейтуге шақырды.

Кездесу соңында жамағат уақыптың рухани әрі қоғамдық маңызын терең түсініп, сауапты істерге белсенді атсалысудың адам өміріндегі үлкен игілік екені жөнінде тағылымды ой түйді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: