ЖАМБЫЛ: НАМАЗ - ДІННІҢ ТІРЕГІ

ЖАМБЫЛ: НАМАЗ - ДІННІҢ ТІРЕГІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Бәйдібек мешітінің бас имамы Дәурен Куттыбаев Тараз қаласындағы "Айдархан ата" мешітінде жамағатпен кездесіп, «Намаз – діннің тірегі» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді.

Уағыз барысында имам Ислам дініндегі намаздың орны мен маңызына кеңінен тоқталып, оның мұсылман өміріндегі ең маңызды құлшылықтардың бірі екенін атап өтті.

Дәурен Куттыбаев  бес уақыт намаздың пендені Алла Тағалаға жақындатып, жүректі рухани тұрғыдан тәрбиелейтін әрі адамды ізгілікке жетелейтін ғибадат екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, намазды уақытында әрі ықыласпен орындаудың маңыздылығын айтып, жамағатты құлшылыққа жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Имам өз сөзінде намаздың адамның мінез-құлқына, тәртібіне және күнделікті өміріне оң ықпал ететінін айтып, оның жамандық пен арсыздықтан тыйылуға себеп болатындығына назар аударды.

Сондай-ақ, уағыз барысында намазды үйреніп, оны тұрақты түрде орындауға ниет еткен жамағатқа құлшылықтың шарттары мен әдептерін меңгерудің маңыздылығы түсіндірілді.

Жиын соңында бас имам жамағатты намазға берік болып, оны отбасы мен кейінгі ұрпаққа насихаттауға үндеп, барша мұсылман қауымына иман беріктігі мен екі дүниенің игілігін тіледі.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: