ЖАМБЫЛ: ПӘТУА САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

ЖАМБЫЛ: ПӘТУА САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке келген жамағатқа діни сауаттылықты арттыру мақсатында «Пәтуа сағатын» өткізді.

Кездесу барысында наиб имам пәтуаның шариғат үкімдерін дұрыс түсіндіруде маңызды орын алатынын айтып, діни мәселелерге жауап іздегенде сенімді әрі білікті мамандарға жүгінудің қажеттігін түсіндірді.

Азамат Балхожаев жамағат тарапынан қойылған діни сұрақтарға жауап беріп, олардың күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді ислам қағидаларына сай дұрыс шешу жолдарына тоқталды.

Сонымен қатар, әрбір мұсылманның діни білімін жетілдіріп, шариғат үкімдерін үстірт түсінбей, мәселеге жан-жақты әрі жауапкершілікпен қарауы керектігін атап өтті.

Наиб имам пәтуа мәселесінде жеке пікірге сүйенбей, Құран мен сүннетке және дін ғалымдарының еңбектеріне негізделген дұрыс діни ұстанымның маңызын жеткізді.

Жамағатқа діни сауаттылықты арттырудың отбасы тәрбиесі мен қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететіні түсіндіріліп, ізденуге және білім алуға шақырылды.

Кездесу соңында Азамат Балхожаев жамағатты дін мәселелерінде байыптылық танытып, дұрыс ақпаратқа сүйенуге, ізгі амалдарды көбейтіп, алған білімін күнделікті өмірде пайдалы түрде қолдануға үндеді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: