ЖАМБЫЛ: АЙША БИБІДЕ АҚШАМ УАҒЫЗЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: АЙША БИБІДЕ АҚШАМ УАҒЫЗЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айша бибі ауылының «Айша бибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев мешітке келген жамағатқа ақшам уағызын жүргізді.

Уағыз барысында имам мұсылман баласының күнделікті өмірінде имандылықты берік ұстанып, көркем мінез бен ізгі амалдарды қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, жамағатты намазға ұқыпты болуға, уақытты тиімді пайдалануға және әрбір жасаған ісіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Қатарбай Таджибаев адам арасындағы өзара сыйластық, кешірімділік, мейірімділік пен бауырмалдықтың қоғам бірлігін нығайтудағы рөлін атап өтті.

Имам отбасы мүшелеріне құрмет көрсетіп, ата-ананы қадірлеу мен перзент тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау мұсылманның маңызды міндеттерінің бірі екенін түсіндірді.

Сондай-ақ, жамағатқа діни сауаттылықты арттырып, діннің асыл құндылықтарын дұрыс түсініп, оларды күнделікті өмірде көркем амалдар арқылы көрсету қажеттігі айтылды.

Кездесу соңында имам жамағатты ынтымақ пен бірлікті сақтауға, ізгілік жасауға және рухани тәрбиені күшейтуге шақырып, ақшам уағызын қорытындылады.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: