ЖАМБЫЛ: АЙША БИБІ МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫНА ҮГІТ- НАСИХАТ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

ЖАМБЫЛ: АЙША БИБІ МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫНА ҮГІТ- НАСИХАТ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айша бибі ауылының «Айша бибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев мешітке келген жамағатқа «Дін – дәстүр егіз ұғым», «Дін және жастар», «Дін және қоғам» және "Жат ағымның зардаптары" тақырыптары бойынша тағылымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында имам халқымыздың салт-дәстүрлері мен ислам дінінің адамгершілікке, ізгілікке және татулыққа үндейтін құндылықтарын сабақтастыра отырып, олардың қоғам өміріндегі маңызына тоқталды.

Қатарбай Таджибаев жастардың рухани тәрбиесіне ерекше мән беріп, өскелең ұрпақты білімге, еңбекқорлыққа, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге және теріс ағымдардың ықпалына ермеуге шақырды.

Сонымен қатар, діннің қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністікті қалыптастырудағы рөлін түсіндіріп, әрбір азаматты ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосуға үндеді.

Имам діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығын атап өтіп, дін мәселесінде сенімді әрі дұрыс ақпарат көздеріне жүгінудің қажеттігін түсіндірді.

Жамағатқа отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу және көркем мінезді қалыптастырудың жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны кеңінен түсіндірілді.

Кездесу соңында Қатарбай Таджибаев жамағатты имандылықты, бірлікті, өзара сыйластықты және отансүйгіштік қасиеттерді берік ұстанып, қоғам игілігіне қызмет етуге шақырды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: