Қызылқайнар ауылының «Бейсеу ата» мешітінің имамы Ермуханбет Берсүгір мешітке келген жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды үгіт-насихат жүргізді. Уағыз барысында имам ислам дінінің адамгершілікке, ізгілікке және қоғамдағы татулық пен өзара құрметке үндейтін асыл қағидаларын кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерінің ішінде шариғат талаптарына қайшы келмейтін құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды. Ермуханбет Берсүгір дін мен дәстүрді дұрыс түсініп, олардың аражігін ажырата білудің ұрпақ тәрбиесінде айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Имам үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету, ағайынмен тату болу, қонақжайлық пен мейірімділік секілді ұлттық құндылықтардың исламның көркем мінез қағидаларымен үндесетінін жеткізді. Сондай-ақ, жамағатты діни сауаттылықты арттырып, ата-бабадан жалғасқан жақсы дәстүрлерді кейінгі ұрпаққа өнегелі түрде жеткізуге шақырды.
Кездесу соңында имам дін мен дәстүр сабақтастығын сақтаудың қоғам бірлігі мен рухани тәрбиені нығайтудағы маңызын айтып, жамағатты ізгілікке, бірлікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үндеді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


22 Тамыз 2026
8 Раби-авваль 1448

