ЖАМБЫЛ: ЖҮРЕК ДЕРТТЕРІ

ЖАМБЫЛ: ЖҮРЕК ДЕРТТЕРІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Бәйдібек мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев Қаракемер ауылындағы Қаракемер мешітінде жамағатпен жүздесіп, «Жүрек дерттері» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді.

Уағыз барысында имам адам жүрегінің рухани тұрғыдан тазалығы мен иманның беріктігі мұсылманның мінез-құлқы мен амалдарына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Азамат Балхожаев жүрекке кері әсер ететін рия, тәкаппарлық, көреалмаушылық, өшпенділік және дүниеқұмарлық секілді рухани дерттердің адам болмысына тигізетін зиянына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, жүректі түрлі кеселден арылту үшін шынайы тәубе ету, Алланы жиі еске алу, Құран оқу және ізгі амалдарға тұрақты түрде көңіл бөлудің маңыздылығын түсіндірді.

Имам жамағатқа адамның ішкі дүниесі түзелсе, оның сөзі мен ісінен көркем мінез бен ізгілік көрініс табатынын айтып, әрбір мұсылманды өз жүрегіне есеп беріп отыруға шақырды.

Кездесу барысында жамағат рухани тәрбие мен жүрек тазалығының адам өміріндегі маңызы жөнінде пайдалы мағлұмат алып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша ой бөлісті.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: