ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - САУАПТЫ АМАЛ

ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - САУАПТЫ АМАЛ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Дәурен Куттыбаев мешітке келген жамағатқа «Уақып – сауапты амал» тақырыбында тағылымды түсіндірме жұмысын жүргізді.

Түсіндірме барысында имам уақыптың ислам дініндегі орны мен маңызына тоқталып, оның қоғам игілігіне бағытталған сауапты амалдардың бірі екенін атап өтті.

Дәурен Куттыбаев уақыпқа берілген дүние-мүліктің халыққа пайдасы тиіп тұрған уақыт бойы сауабы жалғасатын садақа-жария амалдарының қатарына жататынын түсіндірді. Сонымен қатар, мешіт, медресе, қайырымдылық және мұқтаж жандарға көмек көрсету секілді игі мақсаттарға жасалған уақыптың қоғамға тигізер пайдасына кеңінен тоқталды.

Имам жамағатты қолындағы мүмкіндігіне қарай қайырымдылық жасауға, ел игілігіне қызмет ететін сауапты істерге атсалысуға және жомарттық қасиетті дәріптеуге шақырды.

Уақып жасауда ниеттің шынайы болуы маңызды екенін айтып, Алланың разылығы үшін жасалған игі істің адамға рухани тәрбие беретінін жеткізді.

Кездесу соңында жамағатқа уақыптың жеке адам үшін ғана емес, тұтас қоғамның әлеуметтік және рухани дамуына үлес қосатын ізгі амал екені түсіндіріліп, қайырымдылыққа үндейтін насихат айтылды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: