Аудандық Бәйдібек мешітінің бас имамы Дәурен Куттыбаев мешітке келген жамағатқа ақшам намазы алдында тағылымды уағыз жүргізді.
Уағыз барысында имам құлшылықтың адам өміріндегі рухани маңызына тоқталып, намаздың мұсылманды тәртіпке, сабырлылыққа және жауапкершілікке тәрбиелейтінін атап өтті.
Дәурен Куттыбаев жамағатқа бес уақыт намазды уақытында орындаудың маңыздылығын түсіндіріп, құлшылыққа немқұрайлы қарамауға шақырды. Сонымен қатар, намаздың адамның жүрегін тазартып, көркем мінез қалыптастыруға және ізгі амалдарға ұмтылуына ықпал ететінін жеткізді.
Имам күнделікті тіршілікте Алланы еске алып, әрбір істі шынайы ниетпен орындаудың мұсылман үшін маңызды міндет екенін түсіндірді. Уағыз барысында жамағатты ата-анаға құрмет көрсетуге, ағайынмен татулықты сақтауға және қоғамға пайдасы тиетін игі істерді көбейтуге үндеді.
Кездесу барысында мешіттің рухани тәрбие мен діни білім берудегі маңызына да тоқталып, жамағаттың діни сауатын арттырудың қажеттігін атап өтті.
Уағыз соңында бас имам жамағатты құлшылыққа берік болып, имандылық пен ізгілік жолын ұстануға шақырып, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы үшін дұға жасады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


22 Тамыз 2026
8 Раби-авваль 1448

