ЖАМБЫЛ: "БЕЙСЕУ АТА" МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

ЖАМБЫЛ: "БЕЙСЕУ АТА" МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қызылқайнар ауылы Бейсеу ата мешітінің имамы Ермұханбет Берсүгір келген жамағатқа «Отбасы құндылықтары» және «Ысырап – Алла сүймейтін іс» тақырыптарында тағылымды уағыз айтты.

Уағыз барысында имам отбасының адам өміріндегі орнына тоқталып, шаңырақтағы татулық пен өзара сыйластық қоғамның тұрақтылығы мен берекесінің негізі екенін атап өтті.

Ермұханбет Берсүгір ерлі-зайыптылардың бір-біріне құрметпен қарап, ата-ананы ардақтап, перзентке көркем тәрбие берудің маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, отбасындағы мейірім, кешірім, сабыр және жауапкершілік секілді ізгі қасиеттердің шаңырақтың берекесін арттыратынын жеткізді.

Имам уағыздың екінші бөлімінде ысыраптың мәніне тоқталып, Алла Тағаланың адамға берген нығметтерін орынсыз шашып-төгуге және қадірін білмеуге болмайтынын айтты.

Ол ысыраптың тек дүние-мүлікті артық жұмсаумен шектелмей, тамақ, су, уақыт және басқа да мүмкіндіктерді орынсыз пайдаланудан көрінетінін түсіндірді. Жамағатқа қолдағы нығметті бағалап, қажеттілікті дұрыс есептей білу, ысырапшылдық пен сараңдықтың арасындағы орта жолды ұстану жөнінде насихат айтылды. Сондай-ақ имам отбасындағы берекенің материалдық молшылықпен ғана өлшенбейтінін айтып, өзара түсіністік пен қанағаттың шаңырақ тыныштығын сақтаудағы маңызын атап өтті.

Уағыз барысында ата-анаға құрмет көрсету, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау және отбасы мүшелерінің бір-біріне қамқор болуы дініміздегі маңызды құндылықтардың бірі екені айтылды.

Кездесу соңында Ермұханбет Берсүгір жамағатты отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, ысыраптан аулақ болып, қолындағы нығметке шүкіршілік етуге және берекелі өмір салтын ұстануға шақырды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: