ЖАМБЫЛ: ЖҮРЕК ДЕРТІ

ЖАМБЫЛ: ЖҮРЕК ДЕРТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылдихан ауылы Махат ата мешітінің молдасы Ескендір Чалиев мешітке келген жамағатқа «Жүрек дерті» тақырыбында тағылымды уағыз айтты. Уағыз барысында имам жүректің адам болмысындағы рухани орнына тоқталып, оның иман мен ізгі амалдардың бастауы екенін түсіндірді.

Ескендір Чалиев жүрекке әсер ететін рия, тәкаппарлық, көреалмаушылық, өшпенділік және дүниеқұмарлық секілді рухани дерттердің адам мінезіне кері ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, жүректің тазалығы адамның сөзі мен ісінен көрініс тауып, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына да оң әсер ететінін жеткізді.

Имам жамағатқа рухани кеселдерден арылудың жолы ретінде шынайы тәубеге келу, Алланы еске алу, ізгі амал жасау және нәпсіні тәрбиелеудің маңызын түсіндірді.

Уағыз барысында әрбір мұсылманның өз жүрегіне үңіліп, ниеті мен амалын саралап, ішкі дүниесін көркем қасиеттермен байытуы қажеттігі айтылды.

Сондай-ақ жамағатқа жүрек тазалығының адамды сабырлылыққа, мейірімділікке, кешірімділікке және көркем мінезге жетелейтіні жөнінде насихат айтылды.

Кездесу соңында молда Ескендір Чалиев жамағатты жүректерін иман нұрымен нұрландырып, рухани дерттерден сақтануға және ізгілік жолында тұрақты амал етуге шақырды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: