ЖАМБЫЛ: ПӘТУА БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ЖАМБЫЛ: ПӘТУА БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Бәйдібек мешітінің бас имамы Дәурен Куттыбаев мешітке келген жамағатқа «Пәтуа берудің маңыздылығы» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді.

Уағыз барысында имам пәтуаның шариғи үкімді түсіндіру және қоғамда туындаған діни мәселелерге Құран мен сүннет негізінде дұрыс бағыт-бағдар беру екенін атап өтті.

Дәурен Куттыбаев діни мәселелерде әр адамның өз бетінше үкім шығармай, білікті әрі сенімді дін мамандарына жүгінуінің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, пәтуа беруде жауапкершілік пен сақтықтың ерекше орын алатынын айтып, шариғи мәселелерге жауап беруші маманның діни білім мен фиқһ негіздерін терең меңгеруі қажеттігін түсіндірді.

Имам қазіргі ақпараттық кеңістікте әлеуметтік желілерден алынған әртүрлі діни мәліметтерге асығыс сенбей, ҚМДБ-ның ресми пәтуалары мен сенімді діни дереккөздеріне сүйенуге шақырды.

Сондай-ақ жамағатқа пәтуаларды дұрыс түсіндіру халықтың діни сауатын арттырып, күрделі діни мәселелер бойынша бірізді әрі дұрыс түсінік қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді. Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған діни сауалдарға жауап беріліп, шариғат талаптарын дұрыс түсініп, амал етудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Жиын соңында бас имам жамағатты діни мәселелерде білімсіздікке бой алдырмай, қажет жағдайда мешіт имамдары мен ҚМДБ-ның білікті мамандарына жүгініп, дінді дұрыс әрі сауатты үйренуге үндеді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: