Аса ауылы "Домалақ ана" мешітінің имамы Расылхан Сыбанбай мешітке келген жамағатқа «Ихсан – тәрбие негізі» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Уағыз барысында имам ихсан ұғымының исламдағы рухани тәрбиенің маңызды негіздерінің бірі екенін түсіндірді.
Расылхан Сыбанбай ихсанның әрбір істі шынайы ниетпен, көркем түрде орындау және Алланың бақылауын үнемі сезіну екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол мұсылман адамның құлшылықта ғана емес, күнделікті өмірде де көркем мінез бен ізгі қасиеттерді ұстануы қажет екенін жеткізді.
Имам жамағатқа жүрек тазалығын сақтап, риядан, тәкаппарлықтан және адамға зиян келтіретін жағымсыз қасиеттерден аулақ болудың маңыздылығын айтты. Кездесу соңында жамағатты әрбір игі амалды ықыласпен орындауға шақырды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


22 Тамыз 2026
8 Раби-авваль 1448

