ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ «ЖАС МАМАН, АУЫЛҒА ҚАДАМ БАС, МАМАН!» ШАРАСЫНА ОНЛАЙН ҚАТЫСТЫ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ «ЖАС МАМАН, АУЫЛҒА ҚАДАМ БАС, МАМАН!» ШАРАСЫНА ОНЛАЙН ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Жамбыл облысының имамдары Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жас маман, ауылға қадам бас, маман!» атты шараға онлайн түрде қатысты.
 
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастаған қала және аудан бас имамдары орталық мешітте шараны бастан-аяқ бақылап, байланыста болды.
 
Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен бұл жиында 2025–2026 оқу жылының түлектеріне қызметтік жолдамалар табысталды. Шара барысында Бас мүфти жас мамандарға діни қызметтің үлкен аманат пен жауапкершілік екенін баса айтып, оларды ауылдық жерлердегі ағартушылық жұмыстарды жандандыруға, жамағатпен тығыз байланыс орнатуға және дәстүрлі ислам мен ел бірлігін нығайтуға аянбай үлес қосуға шақырды.

 "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: