#Шу: «Намаз – мұсылманның тірегі» тақырыбында жұма уағызы өтті

#Шу: «Намаз – мұсылманның тірегі» тақырыбында жұма уағызы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық бас имамы Алмас Кенжемолдаев «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде жұма намазын жүргізіп, жамағатқа «Намаздың діндегі орны» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.

Уағыз барысында намаздың мұсылманның рухани тірегі әрі Жаратушымен байланысты нығайтатын ең ұлық құлшылықтардың бірі екені кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ иманды адамның көркем мінезі, ізгі амалдары мен жауапкершілігі сөз болып, күпірліктің адамды тура жолдан алыстататын ауыр күнә екені баяндалды. Жамағат тақуалыққа, намазды тұрақты орындауға және исламның асыл құндылықтарын берік ұстануға шақырылды.

Жұма намазы соңында елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалып, жамағат намазда бір сап түзеді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: