Қордай: «Жарғожатегі Ыбрайымұлы Еділбек» мешітінде жұма намазына насихат айтылды

Қордай: «Жарғожатегі Ыбрайымұлы Еділбек» мешітінде жұма намазына насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Күнбатыс 2 ауылындағы «Жарғожатегі Ыбрайымұлы Еділбек» мешітінде жұма намазы аясында жамағатқа тағылымды уағыз-насихат жүргізілді. Уағыздың тақырыбы – «Намаздың діндегі орны».

Насихатты Шығыс аймағына жауапты ұстаз Атанбаев Нұрсұлтан жүргізіп, намаздың Ислам дініндегі ең ұлық құлшылықтардың бірі екеніне тоқталды. Сондай-ақ бес уақыт намаздың мұсылман өміріндегі маңызы, оны ықыласпен әрі уақытында орындаудың сауабы, намаздың адамды жамандық пен арсыздықтан тыятын қасиеті жайында кеңінен түсіндірілді.

Уағыз соңында жамағат көкейлеріндегі діни сауалдарына жауап алып, елдің амандығы, жұрттың тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: