Қордай: Өңірде республикалық интеллектуалды білім сайысы өтті

Қордай: Өңірде республикалық интеллектуалды білім сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті әйел-қыздар ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамашылық еткен республикалық интеллектуалды білім сайысы өткізілді. Сайысқа әйел жамағатынан құралған командалар қатысып, өзара білім мен біліктіліктерін сынға салды.

Жарыс төрт кезеңнен тұрды. Қатысушылар діни біліммен қатар, ұлттық, әлемдік бағыттағы түрлі сұрақтарға жауап беріп, жан-жақты дайындықтарын көрсетті. Сайыс барысында білімге құштарлық, ұйымшылдық және ізденімпаздық ерекше байқалды. Іс-шараның негізгі мақсаты – әйел жамағатының діни сауатын арттыру, білімге деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ олардың рухани дамуына қолдау көрсету болды. Жарыс соңында барлық қатысушы топтарға алғыс білдіріліп, арнайы сыйлықтар табысталды.

Ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен қатысушыларға алдағы уақытта да білімдерін жетілдіріп, осындай игі бастамаларға белсенді қатысуларына тілектестік білдірді. Жиын соңында еліміздің амандығы мен берекесі үшін дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: