Қордай: «Ал Қадим» мешітінде имаммен қоштасу салтанаты өтті

Қордай: «Ал Қадим» мешітінде имаммен қоштасу салтанаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Ауқатты ауылының «Ал Қадим» мешітінде қызмет атқарған имам Шавкат Юсуповты шығарып салу салтанаты өтті. Ол Бұлар батыр ауылындағы «Бұлар батыр» мешітіне имам болып тағайындалуына байланысты жаңа қызмет орнына құрметпен аттандырылды.

Жиын барысында ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты Шавкат Юсуповтың мешітте атқарған игі істеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Сондай-ақ, оған жаңа қызметінде табыс, береке және Алла Тағаланың жәрдемін тілеп, ақ баталарын берді. Іс-шара соңында қасиетті Құран аяттары оқылып, еліміздің амандығы мен бірлігі, дін қызметкерлеріне береке мен табыс тіленіп, дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: