Қордай: «Дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында кездесу өтті

Қордай: «Дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Күнбатыс-2 ауылының Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен «Дәстүрлі ислам құндылықтары» тақырыбында рухани кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді Ауқатты өңіріне жауапты ұстаз Атанбаев Нұрсұлтан жүргізді.

Кездесу барысында дәстүрлі исламның бейбітшілікке, бірлікке, адамгершілікке және көркем мінезге үндейтін асыл қағидалары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрі мен ислам дінінің өзара сабақтастығы, ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасы тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды ізгі қасиеттердің қоғамдағы маңызы кеңінен айтылды.

Ұстаз Атанбаев Нұрсұлтан дәстүрлі исламның ғылым-білімге, еңбекқорлыққа, татулық пен ауызбіршілікке үндейтінін атап өтіп, жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан сақтануға, діни мәселелерде сенімді дереккөздерге жүгінуге шақырды. Сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екеніне ерекше тоқталды.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған діни және өмірлік маңызы бар сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Жиын елдің амандығы, жұрттың тыныштығы, ынтымағы мен берекесі үшін жасалған дұғамен қорытындыланды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: