ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Қордай аудандық «Қордай» мешітіне арнайы іссапармен барып, жергілікті жамағатпен жүздесті.
Сапар аясында бас имам қасиетті жұма намазының алдында «Намаздың діндегі орны» тақырыбында танымдық уағыз-насихат жүргізді. Өз сөзінде Асқар Зәкіржанұлы намаздың исламдағы негізгі діңгектерінің бірі екенін, оның адамды жамандықтан тыйып, рухани тазалық пен жан тыныштығына бөлейтінін кеңінен түсіндірді.
Әсерлі уағыздан кейін жиналған жамағат облыстың бас имамымен бірге сап түзеп, жұма намазын өтеді. Жүрекке жылы тиген насихат көпшіліктің құлшылыққа деген ықыласы мен жауапкершілігін артыра түскен-ді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



05 Тамыз 2026
20 Сафар 1448

