«Төле би» мешітінің орыс тілді кіші тобында ұстаз Руқиям Абдуллақызының ұйытқы болуымен шәкірттер арасында «Первые шаги к знаниям Ислама» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында шәкірттер Құран аяттарын оқып, Ислам құндылықтарын насихаттайтын көріністер көрсетті. Сонымен қатар, түрлі танымдық ойындар мен викториналар өткізіліп, қатысушыларға уағыз-насихат айтылды. Іс-шара соңында жиналғандарға дастархан жайылып, жылы жүздесу атмосферасында қорытындыланды.
Ұстаз шәкірттердің белсенділігіне, ұйымшылдығына жоғары баға беріп, осындай игі бастаманы сәтті ұйымдастырғандары үшін ризашылығын білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



05 Тамыз 2026
20 Сафар 1448

