#Шу: «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды семинар өтті

#Шу: «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты «Жиенбет Жексенбай» мешітінде «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды семинар өтті. Жиынға ауыл ақсақалдары, жамағат және тұрғындар қатысып, ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарының сабақтастығы кеңінен түсіндірілді.

Семинар барысында имам Шүкірәлі Бердібеков дін мен дәстүрдің бір-біріне қайшы емес екенін айтып, «ижма» мен «ғұрып» ұғымдарының мәніне тоқталды. Сонымен қатар беташар, сәлем салу, тұсау кесу, жеті шелпек секілді қазақтың салт-дәстүрлерінің шариғатпен үндесетін тұстары баяндалып, жастарға дұрыс діни түсінік қалыптастырудың маңызы айтылды.

Жиын соңында ақсақалдарды ұлттық және діни құндылықтарды насихаттауға шақырып, жамағатқа дастархан жайылды. Мешіттің қамқоршысы Еркін Ерлікбайұлының игі істері аталып, оның хақына Құран бағышталды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: