«Жәми» мешітінің орыс тілді қыз-келіншектер тобы арасында Руқия ұстазаның жетекшілігімен «Құранға алғашқы қадам» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында бүлдіршін қыздар қасиетті Құран Кәрімнен аяттар оқып, тәрбиелік мәні зор көріністер қойды. Сонымен қатар, аналарымен бірге түрлі қызықты ойындар мен танымдық викториналарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шараға келген аналар ақ дастархан жайып, өзара сыйластық пен бірліктің үлгісін көрсетті. Кеш соңында Құран оқуды үйреніп жүрген кішкентай қыздарға аталмыш мешітінің имамы Алмас Кенжемолдаев арнайы сыйлықтар табыстап, еңбектерін бағалап, алғыс білдірді. Сондай-ақ, қыздар өз қолдарымен дайындаған дұға мен ізгі тілектер жазылған ашықхаттарды аналарына тарту етіп, жүрекжарды ризашылықтарын жеткізді.
Осындай рухани кештер жас ұрпақтың Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайтуға үлкен үлес қосады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



05 Тамыз 2026
20 Сафар 1448

