#Мойынқұм: «Әйел және отбасы» тақырыбында рухани-танымдық семинар өтті

#Мойынқұм: «Әйел және отбасы» тақырыбында рухани-танымдық семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мыңарал ауылындағы «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінде «Әйел және отбасы» тақырыбында рухани-танымдық семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әйелдің қоғамдағы және отбасыдағы рөлін насихаттау, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілік пен ізгі қасиеттерді кеңінен түсіндіру. Семинар барысында қатысушыларға исламдағы әйелдің мәртебесі, отбасы бірлігін сақтау, бала тәрбиесі және имандылық мәселелері төңірегінде тағылымды насихат айтылып, өзара пікір алмасу өтті.

Жиын соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай рухани кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: