«Достық» мешітінің имамы Приназаров Бауыржан жамағатқа «Фатиха» сүресінің алғашқы аяттарын тәпсірлеп, мағынасын түсіндірді.
Дәріс барысында Бауыржан имам «Фатиха» сүресінің Құран Кәрімнің өзегі әрі әрбір мұсылманның намазда міндетті түрде оқитын ұлық сүре екеніне тоқталды. Әсіресе сүренің алғашқы аяттарындағы Алла Тағаланы мадақтау, Оның шексіз рақымы мен мейірімін тану, сондай-ақ бүкіл әлемнің Раббысы екендігін мойындаудың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



05 Тамыз 2026
20 Сафар 1448

