ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП ТАПСЫРДЫ

ЖАМБЫЛ ИМАМДАРЫ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП ТАПСЫРДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысына қарасты қала және ауданның бас имамдары 2026 жылдың алғашқы алты айында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиын ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлының басшылығымен жасалып, оған ҚМДБ бекіткен бағыттар мен бөлімдердің жұмысына жауапты мамандар қатысты.

Есеп беру барысында әр ауданның бас имамдары алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстарды жан-жақты таныстырды. Атап айтқанда, ихсан және насихат, діни оқу-ағарту, дәстүр және отбасы, жат діни ағымдардың алдын алу бағыттары бойынша жүзеге асқан іс-шаралар мен өзге де бөлімдердің қызметі сараланып, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы міндеттер ортаға салынды.

Жиын барысында ұсынылған есептер мұқият тыңдалып, атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы әр ауданның жұмысына баға беріп, оң нәтижелерді атап өтті. Сонымен қатар, алдағы кезеңде жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарын айтып, бірқатар мәселелер бойынша ескертулер жеткізді.

Өз кезегінде жауапты бөлім мамандары да сөз алып, әр бағыт бойынша анықталған кемшіліктерге тоқталды. Олар есептерді жетілдіру, жұмыстың сапасын арттыру және кейбір бағыттардағы көрсеткіштерді күшейту жөнінде нақты ұсыныстарын білдіріп, аудандарға тиісті толықтырулар енгізуді тапсырды.


Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: