«Жүніс молда» мешітінің шәкірттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен бауырмалдықты нығайту мақсатында футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Тартысты өткен сайыста шәкірттер өзара ұйымшылдық танытып, шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Жарыс соңында шәкірттерге сусындар мен тағамдар ұсынылды. Барша шәкірттерге көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Ислам діні адамның рухани тәрбиесімен қатар, денсаулығына да ерекше мән береді. Алла Тағала барша шәкірттерімізге білім мен күш-қуат, береке мен ынтымақ нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



05 Тамыз 2026
20 Сафар 1448

