Меркі ауданының бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы ауданға қарасты мешіт имамдарына кезекті жұмыс жиынын өткізді.
Жиын барысында алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар, ҚМДБ бекіткен бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстар, діни-ағарту, қайырымдылық, жастар тәрбиесі және мешіттердің ішкі тәртібіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, имамдарға жамағатпен жүйелі жұмыс жүргізу, діни сауат ашу курстарының сапасын арттыру, бірлік пен ауызбіршілікті нығайту бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Бас имам әрбір қызметкердің жауапкершілігіне ерекше тоқталып, халыққа сапалы діни қызмет көрсетудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, алдағы іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру және ҚМДБ-ның тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы орындау қажеттігін жеткізді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



05 Тамыз 2026
20 Сафар 1448

