Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округіне қарасты «Ақбастау» мешітінде жамағатқа арналған кезекті «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіт молдасы Нұртаза Әбдірұлы жамағаттың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталып, ҚМДБ бекіткен пәтуаларды басшылыққа алудың қажеттілігі жөнінде насихат айтты. Сондай-ақ дұрыс діни ақпаратты насихаттау, жат ағымдардың алдын алу және дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу бағытында тағылымды дәріс жүргізді.
Кездесу соңында жамағат көкейлерінде жүрген шариғи мәселелер, құлшылық, сенім және діни танымға қатысты сауалдарын қойып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуалары негізінде жан-жақты жауап алды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

