Жуалы ауданына қарасты «Шақпақата», «Билікөл», «Дәурен» және «Қарасаз» мешіттерінде бесін намазының алдында жамағатқа рухани-танымдық насихат жүргізілді.
Насихат барысында мешіт имамдары Қасиетті Құран Кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 27, 28, 29 және 30-аяттарын негізге ала отырып, иманның беріктігі, Алланың нығметтеріне шүкіршілік ету, күпірліктен сақтану және тура жолды ұстанудың маңызы жөнінде тағылымды уағыз айтты. Сондай-ақ жамағат ізгі амалдарға ұмтылуға, бірлік пен татулықты сақтауға, дініміздің асыл құндылықтарын өмірде берік ұстануға шақырылды.
Жиын соңында еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін дұға жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

