Жуалы: "Ынтымақ" мешітінде ақшам насихаты өтті

Жуалы: "Ынтымақ" мешітінде ақшам насихаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданына қарасты Ынтымақ ауылдық мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатқа тағылымды насихат айтылды.

Насихат барысында мешіт молдасы Ермекбай Шотбайұлы «Отбасы ғылымхалы» оқулығы аясында дәріс оқып, Хазіреті Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ынталандырған спорт түрлері тақырыбында мазмұнды уағыз жүргізді.

Уағызда ислам дінінің денсаулықты сақтауға, денені шынықтыруға және салауатты өмір салтын ұстануға үндейтіні кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ садақ ату, атқа міну, жүзу секілді спорт түрлерінің мұсылман өміріндегі маңызы айтылып, жастарды дене тәрбиесімен айналысуға және уақыттарын пайдалы іске жұмсауға шақырды.

Жамағат насихаттан рухани тағылым алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: