Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде құптан намазының алдында жамағатқа тағылымды насихат айтылды.
Насихатты «Ән-Нұр» мешітінің имамы Алғабек Тұрдалыұлы жүргізді. Ол ислам әдебін негізге ала отырып, жамағатқа «Фиқһ дәрістері» тақырыбында уағыз-насихат айтып, фиқһ ғылымының мұсылман өміріндегі маңызына тоқталды.
Уағыз барысында «Ғұсыл бабы» кеңінен түсіндіріліп, ғұсылдың парыздары, орындалу тәртібі, оның шариғаттағы үкімі мен тазалықтың құлшылықтағы маңызы жан-жақты баяндалды. Сондай-ақ жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат аясында нақты жауаптар беріліп, мұсылманның күнделікті өмірінде діни білімді дұрыс меңгерудің қажеттілігі насихатталды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

