Жуалы ауданына қарасты Күреңбел ауылдық мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында жамағатқа рухани-танымдық насихат айтылды.
Іс-шара барысында мешіт молдасы Рамазан Әскертайұлы «Отбасылық тәрбие және отбасы құндылығы» тақырыбында уағыз айтып, отбасының қоғамдағы орны мен берекелі шаңырақ қалыптастырудағы ислам дінінің ұстанымдарына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ ата-ананы құрметтеу, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау және ұлттық дәстүрлерді дінмен сабақтастыра отырып сақтау – әрбір мұсылманның маңызды міндеті екені насихатталды.
Жамағат уағыздан рухани тағылым алып, отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

