Көкжелек ауылындағы Орман шаруашылығының өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Қоршаған орта – аманат» тақырыбында уағыз айтылып, табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау және адамзаттың жауапкершілігі жайында насихат жүргізілді.
Уағызды «Шопан ата» мешітінің имамы Бақытжан Мадыханов жүргізіп, қатысушыларды табиғатты аялауға, аманатқа адал болуға шақырды. Кездесу соңында қызметкерлер көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, ізгі тілектер айтылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

