#Шу: «Ақсақалдан ақыл – кеңес» іс-шарасы өтті

#Шу: «Ақсақалдан ақыл – кеңес» іс-шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақтөбе ауылындағы «Жылғабек» мешітінде «Аталар мектебі» аясында «Ақсақалдан ақыл – кеңес» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Алихан Есқақов қатысушыларға насихат айтып, үлкеннің өнегесі мен ақыл-кеңесінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-баба дәстүрін сақтау және отбасы бірлігін нығайту жөнінде кеңінен баяндады.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі өсиеттеріне ризашылықтарын білдірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: