Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Жуалы» мешітінде жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіт имамы Сейтқазы қажы Әбдірұлы ҚМДБ Ғұламалар кеңесі шығарған пәтуалардың маңызына тоқталып, олардың қоғамдағы діни мәселелерді дұрыс түсінуде айрықша рөл атқаратынын атап өтті.
Насихат барысында имам: «Пәтуаларды халыққа насихаттаудың маңызы ерекше. Көпшілік арасында әртүрлі діни мәселелерге байланысты сұрақтар жиі туындайды. Осындай жағдайда дұрыс әрі сенімді жауап беру үшін ҚМДБ Ғұламалар кеңесі шығарған пәтуаларға жүгінеміз. Бұл – діни сауаттылықты арттырып, қоғамда бірізділікті сақтауға ықпал етеді», – деді.
Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пәтуаларды сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығы түсіндірілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

