Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық округіндегі «Жуалы» мешітінде бесін намазы алдында жамағатқа рухани насихат айтылды.
Мешіттің наиб имамы Сейтқазы қажы Әбдірұлы Құранның «Ибраһим» сүресінің 23-аятын негізге алып, иман келтіріп, ізгі амал жасаған құлдардың Жәннатқа кіретіні жөнінде түсіндіріп, жамағатты игі істерге үндеді.
Соңында ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

