Жуалы ауданы, Шақпақата ауылдық округіндегі мешітте ақшам намазынан кейін жамағатқа тағылымды насихат айтылды.
Насихатты мешіт молдасы Пернебек Көпбосынұлы жүргізіп, «Пәтуа» оқулығы аясында «Еңбек етудің маңызы мен адал кәсіп етудің үкімі» тақырыбында дәріс оқыды.
Уағыз барысында Ислам дінінің адал еңбек етуге, маңдай термен ризық табуға және кәсіпте адалдық пен жауапкершілікті сақтауға үндейтіні кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ еңбек ету – мұсылманның құлшылығының бір көрінісі екені, адал табыстың берекесі мен қоғамдағы маңызы жайында тағылымды ойлар айтылды.
Жамағат насихаттан рухани әсер алып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

