Жуалы ауданына қарасты Қарабастау ауылдық округіндегі «Билікөл» мешітінде бесін намазының алдында жамағатқа арналған рухани-танымдық насихат өткізілді.
Насихат барысында мешіт имамы Қуаныш Орынбасарұлы Қасиетті Құран Кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 21-аятын негізге ала отырып, аяттың мазмұны мен тағылымдық мәніне кеңінен тоқталды. Ол адамның бұл дүниедегі әрбір іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы, Аллаға шынайы тәуекел етуі және ақырет күні әрбір жанның өз амалы үшін жауап беретіні жөнінде мазмұнды уағыз айтты.
Сонымен қатар, жамағатты имандылықты нығайтуға, ізгі амалдарды көбейтуге, ауызбіршілік пен татулықты сақтауға шақырып, күнделікті өмірде Құран мен сүннет қағидаларын ұстанудың маңызын түсіндірді.
Насихат соңында жамағатқа Алла Тағаладан береке мен амандық тілеп, барша мұсылмандардың иманының берік болуына дұға жасады. Аталған мешітте бесін насихаты аптасына бірнеше рет ұйымдастырылуда.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

