Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық мешітінде бесін намазының алдында жамағатқа рухани насихат айтылды.
Мешіт молдасы Рамазан Әскертайұлы Құранның «Ибраһим» сүресінің 18-аятын негізге алып, оның мағынасы мен ғибратын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ Алланың разылығына ұмтылу, имандылықты нығайту, күнәлардан сақтанып, ізгі амалдарға ұмтылудың маңызы атап өтілді.
Іс-шара соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ел тыныштығы мен халық амандығы үшін дұға жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

