Жуалы: «ҚОҒАМ ДЕРТТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ-НАСИХАТ ӨТТІ

Жуалы: «ҚОҒАМ ДЕРТТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ-НАСИХАТ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жамағатқа арналған «Қоғам дерттері» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат ұйымдастырылды.

Басқосу барысында Жуалы ауданының имамы Есет Тұрдыбайұлы жат ағымдардың қоғамға тигізер кесірі мен зиянына кеңінен тоқталды. Тексіз де теріс бағыттардың адам санасын улап, ел ішіндегі бірлік пен ынтымаққа сызат түсіретінін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ аудан имамы жамағатқа діни сауаттылықты арттырудың, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі құндылықтарды дәріптеудің және тек дұрыс бағытта білім алудың маңыздылығын түсіндірді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: