Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округіне қарасты «Ақбастау» мешітінде жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіт молдасы Нұртаза Әбдірұлы жамағаттың діни сауаттылығын арттыру мақсатында насихат жүргізді. Кездесу барысында қатысушыларға уақыттың қадірі, садақа-и жариғаның маңызы және Ислам дініндегі қайырымдылықтың рухани құндылығы түсіндірілді. Сондай-ақ уағызда исламдағы уақып ұғымы, оның қоғамға тигізер пайдасы мен сауабы кеңінен сөз болды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


13 Қыркүйек 2026
30 Раби-авваль 1448

