Жуалы ауданына қарасты Қызыларық ауылдық округіндегі «Ақтөбе» мешітінде бесін намазының алдында жамағатқа рухани-танымдық насихат айтылды.
Насихат барысында мешіт молдасы Бақытжан Асқарұлы Қасиетті Құран Кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 16-аятын негізге алып, аяттың тағылымы мен тәрбиелік мәніне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ жамағатты Аллаға деген тақуалықты күшейтіп, иманды берік ұстануға, көркем мінезді болуға және діни құндылықтарды күнделікті өмірде басшылыққа алуға үндеді.
Жиын соңында жамағаттың көкейіндегі діни сауалдарға жауап беріліп, ел тыныштығы мен жұрт амандығы үшін дұға жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

