Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатқа кезекті насихат айтылды.
Насихат барысында ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы «Отбасы ғылымхалы» оқулығы аясында дәріс оқып, «Музыканың үкімі» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді.
Уағызда Ислам дініндегі музыканың үкімі, оның адамның рухани өміріне әсері және шариғаттағы орны кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, мұсылман баласы уақытын пайдалы істерге арнап, жүректі Алланы еске алумен тыныштандырудың маңыздылығы айтылды.
Дәріс соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, барша жиналған қауымға ізгі тілектер айтылып, Алла Тағаладан иманымызды нығайтып, отбасыларымызға береке мен бірлік нәсіп етуі тіледі.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

