Жуалы: «Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау»жайлы уағыз өтті

Жуалы: «Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау»жайлы уағыз өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма намазының алдында жамағатқа «Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау» тақырыбында тағылымды насихат айтылды.

Жұма уағызында ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы ихсан ұғымының мән-мағынасына кеңінен тоқталып, оның мұсылман өміріндегі ерекше орны туралы насихат айтты.

«Құрметті жамағат! Ихсанды түсінудің ең қарапайым жолы – оны ар-ұжданның ең биік деңгейі ретінде қабылдау. Адам жалғыз қалғанда да адал болып, ешкім көрмесе де әділдік танытса, бұл – нағыз ихсанның белгісі. Ихсан тек құлшылықпен шектелмейді. Ол күнделікті өмірде де көрініс табуы қажет. Ата-анаға құрмет көрсету, көршіге жақсылық жасау, аманат етілген әрбір істі жауапкершілікпен әрі сапалы орындау – мұның барлығы ихсанның көріністері. Сондықтан ихсан – адамның ішкі жан дүниесін тазартатын, әрбір істі көркем әрі шынайы атқаруға үндейтін рухани құндылық. Ол адамды жауапкершілікке, ықыласқа және шынайылыққа тәрбиелейді», – деді ауданның бас имамы.

Уағыз соңында жамағат ихсан дәрежесіне ұмтылып, барлық құлшылықтары мен амалдарын Алла Тағаланың разылығы үшін шынайы ықыласпен орындауға шақырды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: