Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Жуалы» мешітінде жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіт имамы Сейтқазы қажы Әбдірұлы жамағаттың діни сауаттылығын арттыру мақсатында насихат айтты. Кездесуде неке мен талақ мәселелері, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ күнделікті өмірде кездесетін діни сұрақтарға қатысты нақты пәтуалар түсіндірілді.
Жамағат көкейінде жүрген сауалдарын қойып, шариғат негізіндегі жауаптар алды. Мұндай кездесулер халықтың діни білімін арттырып, қоғамда дұрыс діни түсініктің қалыптасуына ықпал етеді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



24 Шілде 2026
8 Сафар 1448

